Жетісу облысында нөмірсіз көлікті тізгіндеген судья видеоға түсіп қалды

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде мемлекеттік тіркеу белгісінсіз, яғни нөмірсіз көлік тізгіндеген ер адамның видеосы пайда болды. Видео сипаттамасында ол адамның Жетісу облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Марат Жүкенов екені айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео авторы "оған неге нөмірсіз жүрсіз" деп сұрақ қояды. Алайда одан ақылға қонымды жауап ала алмайды.

Полиция видеоны зерттеп, судьялардың Конституцияға сай қол сұғылмаушылық құқығының болуына байланысты жиналған материалды облыстық сотқа жолданғанын жеткізді.

Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі желіде жарияланған бұл видео бойынша материалдар тексеру және шешім қабылдау үшін Судьялардың әдебі жөніндегі комиссияға бағытталғанын хабарлады.


Бұған дейін Жетісу облысында BMW көлігінің жүргізушісі гүлді алқапта дрифт жасап, елдің наразылығын туғызған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды