Ақтөбеде әкімдікте істейтін ашынасын өлтірген ер адам 11 жылға сотталды

Сурет: Zakon.kz
1 маусымда Ақтөбеде облыстық әкімдікте жұмыс істейтін әйелді азаптап өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты. 29 жастағы азамат кінәсін бірден мойындап, қанды қылмысқа қалай барғанын жасырмай айтып берді. Соны ескерген сот оған 11 жыл жаза кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қанды қылмыс осыдан үш ай бұрын болған. 46 жастағы әйелмен сотталушы бойдақпын деп танысыпты. Осылайша екі күн қатарынан жұмысынан күтіп алып кездеседі. Ақырғы кездесуінде марқұм көңілдесінің отбасылы екенін ұялы телефонындағы суреттерден біліп қалған. Осыған ашуланған 29 жастағы жігіт тартпада жатқан пышағын алып, нақсүйеріне 35 рет пышақ сұққан. Мәйітті жүк салғышқа салып алып екі күн бойы жүрген. Ауыр қылмысқа әйелінен көңілдесін жасыру үшін барғанын айтты. Сотталушы 11 жыл жаза кесілгенде жылап та жіберді, деп хабарлайды КТК.

Марқұмның туыстары айуандықпен адам өлтірген қылмыскерге бұл жеңіл жаза деп отыр:

"Бұл жерде азаптау, қинау. Жабірленушінің, орын алмаған. Ол ешқандай іс материалдарымен дәленбеді. Іс бойынша қарап отырсақ, ол кісі бірден өлтіру оына келіп сол жерде өлтіріп тастаған. 35 жерден жарақат алған".
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Ақсу қаласында трансформатор өртенді

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды

Алматыда Kizdar.net сайтының болжамды ұйымдастырушылары ұсталды