"Балаңызды балабақшаға орналастырып беремін". Алаяқтық дерегі бойынша астаналық бойжеткен ұсталды

Телефон, әлеуметтік желі, Астана, бойжеткен, алаяқтық, балабақша, бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 19:45 Сурет: pexels
Астанада баланы балабақшаға орналастыру желеуімен алаяқтық жасады деген күдікпен бойжеткен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында 33 жастағы күдіктінің әлеуметтік желі арқылы "құрбанын" іздеп, мемлекеттік балабақшалар туралы жарияланымдар астында пікір қалдырғандарға өз қызметін ұсынғаны анықталды.

"Бойжеткен ата-аналардың сеніміне кіріп, балаларын мемлекеттік балабақшаларға кезектен тыс орналастыруға уәде берген. Одан кейін оларды өзінің банктік шотына ақша аударуға көндірген. Алынған қаражатты ол өз қалауына жұмсаған", – дейді полициядағылар.

Қазіргі уақытта оның осындай заңсыз әрекетінің 10 эпизоды анықталды. Полиция қызметкерлері келтірілген шығын мөлшерін анықтап жатыр, сондай-ақ күдіктінің басқа да осындай деректерге қатысының бар-жоғын тексеруде. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желідегі күмәнді ұсыныстарға, атап айтқанда "баланы балабақшаға кезектен тыс орналастыру" уәдесіне сақтықпен қарауға шақырады. Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде тек ресми ақпарат көздерін пайдаланып, бейтаныс тұлғаларға ақша аудармаған жөн.

Айта кетсек, Қазақстан банктерінде алаяқтыққа қарсы талаптар күшейтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: