Астанада алаяқтық схемасын ұйымдастырған күдікті ұсталды

Астанада алаяқтық схемасын ұйымдастырған күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2026 17:39 Сурет: pexels
Астанада несие рәсімдеуге байланысты алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астанада алаяқтық схемасын ұйымдастырды деген күдікпен ер адам құрықталды. Ол интернетте кез келген жағдайда несие рәсімдеуге көмектесемін деген хабарландыру жариялаған. Оның ішінде кредиттік тарихы нашар азаматтарға да көмек көрсететінін айтқан.

Қарыз алу үшін күдікті өз қызметі үшін алдын ала төлем талап етіп, ақшаны үшінші тұлғалардың шоттары арқылы аудартқан. Қазіргі уақытта шамамен 10 адам зардап шеккені анықталды.

Алаяқтық әрекет қаржылық аударымдарды талдау барысында әшкереленді. Аталған факті бойынша алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: