Қазақстан банктерінде алаяқтыққа қарсы талаптар күшейтіледі
Фото: Zakon.kz
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк қызметін реттеу мәселелері бойынша басқарманың кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу жөнінде түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоба банктердегі алаяқтық және құқыққа қайшы оқиғалар тәуекелдерін басқару жүйесіне қойылатын талаптарды жетілдіруге, сондай-ақ ірі инвестициялық жобаларды банктік қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Бұдан бөлек, құжат банктердегі тәуекелдерді басқару тиімділігін арттыруды, ішкі бақылау тетіктерін жетілдіруді және тау-кен өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қосымша жағдай жасауды көздейді.
Атап айтқанда, жоба аясында:
- қаржы ұйымдарының тәуекел бейінін ескере отырып, өзге ақпаратқа аудит жүргізу тәртібін жетілдіру ұсынылады. Бұл аудиторлық рәсімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға, ішкі бақылау жүйесін нығайтуға және операциялық тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді;
- бір қарыз алушыға шаққандағы тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің коэффициентін (К3) есептеу тәсілін жетілдіру көзделген. Бұл банктердің тау-кен өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Құжат қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында 19 қарашаға дейін тұрады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript