Қазақстанда сақтандыру компанияларының тұтынушыларын қорғау күшейтіледі

Интернет, сеть, цифровизация, цифровые технологии, digital, современные технологии, цифровые документы , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2026 12:09 Фото: freepik
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзетулермен ұсынылады:

  • инвестициялық табысты ескере отырып, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сатып алу сомасының мөлшерін айқындау тәртібін жетілдіруге,
  • мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жасалған өмірді сақтандыру шарттары бойынша жинақтарды сақтауға,
  • сақтандыру агенттері қызметінің ашықтығын олардың комиссиялық сыйақысының мөлшерін, оның ішінде сақтандыру полисінде міндетті түрде ашу жолымен арттыруға бағытталған түзетулер,
  • заңнаманың жекелеген ережелерін Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы заңнамасына сәйкес келтіру,
  • "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ актуарлық қызметін жүзеге асыру тәртібін нақтылау көзделеді.

Әзірлеушілердің күтуі бойынша өзгерістер сақтандыру нарығының ашықтығын арттырады және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтеді.

Жоба 20 тамызға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: