Қостанай облысында кәмелетке толмаған бозбала зейнеткерді бауыздап кеткен

Пышақ, Қостанай облысы, кәмелетке толмаған, бозбала, зейнеткер, бауыздау, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 19:31 Сурет: unsplash
Қостанай облысында 86 жастағы тұрғынды қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен бозбала ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Наша газета" басылымының мәліметінше, қанды қылмыс 30 қазанда болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қарт кісі үйінің ауласында орындықта отырған, осы кезде қаскөй оның тамағын өткір затпен орып өткен.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 17 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Бұған дейін Көкшетауда үш студенттің егде жастағы ер адамды ашықтан ашық тонап кеткені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: