Бірнеше БАҚ аккаунттарына лаңкестік сипаттағы хабарламалар келіп түскен

Сурет: Zakon.kz
Бірнеше БАҚ-тың Telegram аккаунтына және мемлекеттік органдардың мекенжайларына лаңкестік сипаттағы қауіп-қатері бар хабарламалар келіп түскен. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер бірнеше телефонды, сондай-ақ олардың иелері мен пайдаланушыларын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру кезінде олардың арасында Қазақстанның қарапайым азаматтары, оның ішінде кәмелетке толмағандар да бар болып шықты, бірақ олардың пошта жөнелтілімдеріне қатысы бар екені расталмады.

"Олардың барлығы Telegram мессенджерінің белгісіз қолданушылары тарапынан "сваттингтің" (құқық қорғау органдарын хакерленген адресаттарға шақыру үшін ауыр құқық бұзушылықтар туралы жалған хабарламалар) құрбандары болды деп болжануда", делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары құқық бұзушыларды анықтап, көрінеу жалған хабарламалары үшін еліміздің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартуда.


"Жағдай құқық қорғау органдарының толық бақылауында. Алаңдауға негіз жоқ. Әлеуметтік желілер мен басқа да БАҚ қолданушыларын тек ресми хабарларға сенуге шақырамыз", - дейді ҚР ІІМ.


Сурет: хабарламадан үзінді



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады