Төтенше жағдайлар министрлігі мекемелеріндегі қызметкерлердің еңбек өтілі қалай есептеледі: ережелер бекітілді

Спасательная служба, спасательные службы, спасатели, спасатель, МЧС РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2026 16:12 Фото: Zakon.kz
Төтенше жағдайлар министрі 2026 жылғы 18 тамыздағы бұйрығымен уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардағы азаматтық қызметшілер мен қызметкерлердің мамандық бойынша еңбек өтілін есептеу тәртібі мен шарттарын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, мамандық бойынша еңбек өтілі азаматтық қызметшілер мен қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттар негізінде күнтізбелік тәртіппен есептеледі.

Егер азаматтық қызметші немесе қызметкер күнтізбелік ай ішінде лауазымдық жалақысын арттыруға құқық алса, еңбек өтілі ескерілген жалақыны есептеу осы құқық пайда болған күннен бастап жүргізіледі.

Азаматтық қызметшілер мен қызметкерлердің мамандық бойынша еңбек өтілін есептеуді арнайы комиссия қарайды.

Еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия тұрақты негізде жұмыс істейді. Оның құрамына уәкілетті органның қарамағындағы азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік мекеме немесе ұйымның төрағасы, хатшысы және комиссия мүшелері кіреді.

Дауыс беруге қатысатын комиссия мүшелерінің саны тақ санды және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссия шешімі дауыс беруге қатысқан мүшелердің жалпы санының басым дауысымен қабылданып, хаттамамен рәсімделеді. Осы хаттаманың негізінде мамандық бойынша еңбек өтілін белгілеу туралы бұйрық шығарылады.

Комиссия шешімінен үзінді екі данада рәсімделіп, кадр қызметі мен бухгалтерияға беріледі.

Азаматтық қызметшілер мен қызметкерлердің мамандық бойынша еңбек өтілін есептеу үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар ҚР Еңбек кодексі мен осы Ережелерге сәйкес айқындалады.

Еңбек өтіліне қандай кезеңдер есептеледі?

Азаматтық қызметшілер мен қызметкерлердің мамандық бойынша еңбек өтіліне мыналар есептеледі:

  • жұмыс берушінің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, тиісті мамандық бойынша жұмыс істеген уақыт;
  • ҚР және бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткерген уақыт. Теріс себептермен қызметтен босатылған адамдардың қызмет мерзімі есептелмейді;
  • құқық қорғау органдарында, арнайы мемлекеттік органдарда, ҚР Ұлттық ұланында, азаматтық қорғау органдарында және бұрынғы КСРО органдарында қызмет атқарған уақыт. Теріс себептермен жұмыстан босатылған адамдардың қызмет мерзімі есептелмейді;
  • Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРО соттары аппараттарында жұмыс істеген уақыт. Теріс себептермен жұмыстан босатылған адамдардың еңбек өтілі есептелмейді;
  • ҚР Ұлттық банкі мен КСРО Мемлекеттік банкі жүйесінде жұмыс істеген уақыт;
  • ҚР Еңбек кодексіне сәйкес берілген жүктілікке және бала тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оны күтуге байланысты жалақы сақталмайтын демалыс;
  • ҚР Құрылтайы, Парламенті, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі және ҚР жергілікті өкілді органдары депутаттарының өкілеттіктерін тұрақты негізде жүзеге асырған уақыт;
  • мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша жұмыстан қол үзіп, кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқыған уақыт. Бұл ретте қызметкер оқуға жіберілгенге дейін мемлекеттік органда жұмыс істеп, оқу аяқталғаннан кейін сол мемлекеттік органға қайта оралуы тиіс;
  • мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік қызметшілер лауазымдарында болған уақыт.

Бұйрық 2026 жылғы 5 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: