Талдықорғанда білім бөлімінің бұрынғы басшысы өлі күйінде табылды

Сурет: Zakon.kz
Өткен демалыс күндері Қаратал өзенінің маңынан Талдықорған қаласы білім бөлімінің бұрынғы басшысы Роза Барманованың денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінің хабарлауынша, әйелдің денесінен зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері табылмаған. Бұл факт тиісті тексеру шараларын ұйымдастыру үшін қалалық полицияда ресми түрде тіркелді.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның аясында өлімнің себебі анықталады", делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Роза Барманова 2016 жылдан 2022 жылға дейін қалалық білім бөліміне басшылық етті. 

Айта кетсек, 2023 жылдың сәуір айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талдықорған қаласының білім бөлімінің қызметкерлерін ұстағаны белгілі. Оларға бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деп күдік келтіріледі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Қазақстанда скринингтен қашан және қалай өтуге болады

Магистратура грантына кімдер таласа алады

Алматыда жаңа базар ашылады