Желідегі видеода мас күйінде көлік тізгіндеген әнші Төреғали ма – полиция түсінік берді

Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде танымал әнші Төреғали Төреәлінің мас күйінде рөлге отырып, полицияға ұсталғаны туралы видео тарады. Осы оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 маусымда Алматы қалалық ПД  Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы 1992 жылы туған азамат А-ның басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқанын хабарлайды.

Полиция мәліметінше, жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінген: ол агрессивті болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орыннан қашып кетпек болды.


"Құқық бұзушының жолы бұғатталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ұстап, медициналық тексеруге алып барды. Сараптама нәтижесінде азамат А-ның есірткіге мас екендігі белгілі болды. ҚР ӘҚбК-нің 608 бабы 3 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 613 бабы 1 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 599 бабы 1 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 596 бабы 3 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 600 бабы 1 бөлігі және ҚР ӘҚбК-нің 230 бабы 2 бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Өндіріс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілетін болады.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты