Төреғали Төреәлі тағы бір әкімшілік жазаға кесілді

Сурет: Instagram/toregalitoreali
Танымал әнші Төреғали Төрәлі полицияның заңды талабын орындамағаны үшін қосымша әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат А-ға қатысты ӘҚКо 613-бабы, 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қаралды.

"2023 жылы 14 маусымда өткенде сот отырысында сот азамат А-ның полицияның заңды талабын орындамағанын анықтады. Сот отырысында тәртіп бұзушы іс материалдарында тіркелген фактілерді ішінара нақтылады. Сот қаулысына сәйкес, азамат А. жоғарыда аталған бапта қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берді деп танылып, оған үш тәулікке қамау түрінде әкімшілік жаза тағайындалды", делінген сот хабарламасында.


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Бұған дейін Төреғали Төреәлі есірткіге масаң күйде рөлге отырғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын, сондай-ақ оған қатысты 20 тәулікке қамау түрінде де әкімшілік жаза тағайындалған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді