БҚО-да мектеп директоры ата-аналардан жинаған ақшаны кері қайтарды

Сурет: astana.fizmat.kz
Батыс Қазақстан облысындағы мектептердің бірінің ата-аналары баспа құрылғыларының көмегімен аттестаттарды толтыру үшін ақша жинаған директордың үстінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шағымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Astana TV-ның хабарлауынша, 20 маусымда "ANTIKOR Ortalygy" сервистік орталығында құзыретті органдар өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Нәтижесінде 19 мамырда тапсырыс беруші (білім беру ұйымы) мен өнім жеткізуші ЖШС арасында мектепті бітіргені туралы аттестаттарды толтыру қызметі бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғаны анықталды.

"Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде тапсырыс беруші техникалық ерекшелікті елеусіз қалдырған, яғни ҚР Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 21 қарашадағы "Білім туралы құжаттарды рәсімдеу жөніндегі талаптарды бекіту туралы" бұйрығында басып шығару құрылғыларының көмегімен аттестаттарды толтыру көрсетілмеген. Осыған байланысты мектеп директоры "егер аттестаттың электронды түрде толтырылғанын қаласа, онда ата-аналар 1000 теңгеден ақша жинасын" деп нұсқау берген", делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін түлектердің ата-аналарынан жиналған ақшалай қаражат кері қайтарылды. Жоғарыда аталған бұзушылыққа жол бергені үшін кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды