"Алаш заңгерлері" атты кітап жарық көрді

Сурет: unsplash
XX ғасырдағы қазақ заңгерлерінің өмірі мен қызметі туралы кітап жарық көрді. "Алаш заңгерлері" атты еңбекті Мәжіліс депутаты, адвокат Абзал Құспан таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жинақта Алты Алаш қайраткерлерінің еңбегін үлгі етіп, қазақ даласында заңгерлік саланың қалыптасуы мен дамуы баяндалған. Шара Ішкі істер органдары мен мемлекеттік қызметкерлердің төл мерекесіне орайластырылды. Автор жаңа жинақ құқық қорғау саласының мамандары арасында үлкен сұранысқа ие болатынына сенімді, деп хабарлайды "Хабар 24". 


Сурет: Facebook/Абзал Құспан



"XX ғасыр басындағы заңгерлер туралы бір де бір жинақ, кітап шықпаған екен. Менің барлық саналы ғұмырым осы заң саласында өтіп келе жатыр. Азды-көпті 45 жыл өмір сүрген болсам, бүкіл саналы өмірім заңмен байланысты. Сонда байқаған нәрсем, журналистер - көзі ашық дейтін оқыған-тоқығандардың өздері сол замандағы заңгерлердің атқарған істері туралы біле бермейді". Кітап авторы, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео