Алматы облысының полициясы екі адамды өлтірген күдіктіні іздестіріп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Тәжікстан Республикасының азаматы Алматы облысында екі адамды өлтірді деген күдікке ілінді. Полиция Хуршед Рашитовқа іздеу жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың 2 маусымында сағат 00:50 шамасында Қарасай ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Ол үйіне келгенде, бірнеше пышақ жарақаты бар екі ер адамның мәйіті үстінен түскенін айтқан. 

Полиция күдіктіге қатысты бағыт-бағар жариялады:

Хуршед Абдухалилұлы Рашитов 1980 жылы туған, Тәжікстан Республикасының азаматы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, Суерлі көшесі, № 48 "А" үй мекенжайында уақытша тұрады.

Сипаттамасы: арық денелі, бойы - 170-175 см., беті сопақша, қысқа қара шашты, төбесі таз, көздері қоңыр, қасы қалың, қыр мұрынды, ерні жұқа. Ерекше белгілері:соқырішекке жасалған ота орнында тыртық және арқасында жараның орны бар.

Үстіндегі киімі: қара қалпақ, көк жейде, көк джинсы шалбар, қара сандал.


"Осы факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі, 1-тармағының көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілеріне сай жеткілікті деректерді ескере отырып, №231952031002129 СДТБТ-да тіркелген іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары басталды".
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді