Ақтаулық шенді 1000 теңгеден жиналып, өзіне сыйлық жасаған балабақша директорларына шағымданды

Ақтауда жеке балабақша директорлары қалалық білім бөлімінің басшысына сыйлық жасаған. Ал ол өз кезегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қоғамдық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллин айтты.


"Ақтау қаласындағы 26 жеке балабақшаның директоры бірігіп 1000 теңгеден жинап, Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысына жалпы сомасы 40 мың теңгеге сауда үйінен сертификат пен торт алып, сыйлаған. Бұл жағдай туралы білім бөлімінің басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өзі хабарлады. Лауазымды тұлғаға сыйлық беруге әрекеттенген 25 балабақша директорлары өз іс-әрекеттерін бірден мойындады. Оларға қатысты ҚР ӘҚбК 676-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысы 345 000 теңге айыппұл салынды. Бір директор өз әрекетін мойындамағандықтан әкімшілік іс сотта қаралып, ол кінәлі деп танылды. Ол 483 000 теңге көлемінде айыппұл төледі, - деді Біржан Хайруллин. 

Осы орайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттiк қызметшiнiң өзiне бағынышты тұлғалардан қандай да бір себептерге қарамастан сыйлық қабылдауға құқығы жоқ екенін ескертеді.

Ақтау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: