Президент сұйытылған газ және ТҮКШ-ға қатысты өзгерістерді қамтитын заңға қол қойды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды. 

Депутаттар 20 маусымда бұл заң жобасын екінші оқылымнан кейін қабылдап, Президенттің қол қоюына жолдаған болатын.

Заңда Энергетика министрлігі тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілейді деп көзделеді.

Сондай-ақ құжатпен Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өз интернет-ресурсында газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары мен өнеркәсіптік тұтынушылар иелерінің тізілімін жүргізу және жариялау бөлігінде, Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын келісу бөлігінде, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Энергетика министрлігіне сұйытылған мұнай газының айналымы туралы ақпарат беруі бөлігінде құзыреттері кеңейтіледі.

Айта кетсек, Президент бүгін электросамокаттар қозғалысына шектеу енгізетін заңға да қол қойған болатын.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады

Стелла Суханова Азиада-2026 ойындарындағы екінші қола медалін жеңіп алды

Ғалымдар ұзындығы 300 метрлік тау туннеліндегі ежелгі құпияны ашты