Түркістан облысында ұсталған екі күдіктіден қару-жарақ пен есірткі табылды

Сурет: polisia.kz
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Төле би ауданының екі тұрғынын ұстады.Тінту кезінде күдіктінің бірінен ішінде есірткіге ұқсас заты бар 5 орама мен шыны ыдыс, сондай-ақ басқа да айғақты заттар табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сараптамаға сәйкес, алынған есірткі жалпы салмағы шамамен 100 грамм болатын марихуана болып шықты.


"Екінші күдіктінің үйіне тінту жүргізіп, оның шатырынан 16 калибрлі екі ұңғылы шолақ мылтық тәркіленді". Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бұл факті ҚР ҚК-нің 297-бабының, 287-бабы бойынша тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.

Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды