Іздеуде болған елордалық жігіт Германияның босқындар лагерінен табылды

Сурет: Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі сатқаны үшін үстінен қылмыстық іс қозғалған 22 жастағы астаналық Мюнхен қаласындағы босқындар лагерінен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының және Бас прокуратураның ат салысуымен күдікті Астанаға экстрадицияланып, тергеу изоляторына қамалды.

"Қылмыстық қудалаудан бой тасалаған елорда тұрғынына 2021 жылдың сәуір айынан бастап іздеу жарияланды. Ол  тұрақты рейспен Өзбекстанға ұшып барып, ол жақтан Қырғызстанға жетіп алған, содан кейін Анталия қаласына ұшқаны анықталды.Одан кейін қазақстандық Украина шекарасын заңсыз кесіп өтіп, босқын мәртебесімен ГФР территориясына келіп жеткен", - дейді полициядағылар.

Бұған дейін іздеуде жүрген Степногорск қаласының тұрғыны Мәскеуден табылғаны хабарланған болатын.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды