ҚР Бас прокуратурасы Францияның Әблязовты елден шығару ұйғарымына қатысты пікір білдірді

Сурет: Facebook/Мухтар Аблязов
ҚР Бас прокуратурасы Францияның Мұхтар Әблязовқа 30 күн ішінде елден шығу ұйғарымы берілгені туралы өздерінде ақпарат жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"М.Әблязовты елден шығару туралы қабылданды деген Франция билігінің шешімі туралы ақпаратқа келетін болсақ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында бұл деректерді растайтын немесе жоққа шығаратын нақты мәліметтер жоқ екенін хабарлаймыз", делінген ведомствоның ресми жауабында.


Бас прокуратура шетел азаматтарын елден шығару мәселесі, олардың көші-қон заңнамасын сақтау-сақтамауы тек Франция Республикасының ішкі ісі болып табылатынын баса атап өтті.

"М.Әблязов ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін Қазақстанның құқық қорғау органдары тарапынан іздестірілуде" ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Өкілетті орган ретінде Бас прокуратура Әблязовты экстрадициялау бойынша қылмыстық процессуалдық заңнамада және халықаралық шарттарда қамтылған шараларды қабылдап жатқаны да нақтыланады.

Сондай-ақ ҚР Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-тармағына сәйкес, аталған сотқа дейінгі тергеу, оның ішінде қылмыстық іс бойынша халықаралық құқықтық ынтымақтастыққа қатысты мәліметтер жария етуге жатпайды. Сондықтан бұл сауалға қатысты тыңғылықты ақпарат ұсынылмайтындығы да баса айтылады.

5 шілдеде Франция соты Мұхтар Әблязовқа 30 күн ішінде елден кетуді бұйырғаны туралы ақпарат пайда болған еді. 

ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды