Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Министерство иностранных дел Республики Казахстан, МИД РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2026 19:00 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде (СІМ) бірқатар кадрлық тағайындау болды. Бұл туралы бүгін, 24 тамызда, сыртқы саяси ведомствоның Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Асқар Жаппар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Асқар Жаппар 1982 жылғы 23 наурызда Шымкент қаласында туған. 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2022 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдаған.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2026 19:00

Сурет: Сыртқы істер министрлігі

Еңбек жолын 2003 жылы ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "Еңбек-Шымкент" РМК бухгалтері қызметінен бастаған. Кейін Астана қаласы әкімдігінің Коммуналдық шаруашылық департаментінде жетекші, бас маман, ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты, сондай-ақ Мәжілістің Редакциялау және аударма бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2008 жылғы 30 маусымнан 2015 жылғы 20 қаңтарға дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде жұмыс істеген.

Сонымен қатар Президент Іс басқармасына қарасты "Сарыарқа" корпоративтік қорының атқарушы директоры, "Бурабай даму" ЖШС дирекциясы мен "Оқжетпес" оқу-сауықтыру кешенінің нысандарын басқарушы, Мемлекеттік архивтің каталогтау және ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі, кейін уақытша директоры қызметтерін атқарған.

Бұдан бөлек, ҚР СІМ жанындағы "Дипломатиялық сервис" РМК-ның ресми және хаттамалық іс-шаралар бөлімінің басшысы, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басқарушысы, Президент Іс басқармасына қарасты "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" РМК директоры қызметтерінде жұмыс істеген.

2026 жылғы 19 қаңтардан жаңа тағайындауға дейін ҚР СІМ Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментінің директоры болды.

Асқар Жаппар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аппаратының басшысы қызметіне 20 тамыздан бастап тағайындалған.

Сонымен қатар Жанболат Үсенов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2026 19:00

Сурет: Сыртқы істер министрлігі

Жанболат Үсенов 1983 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. 2004 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) саясаттану факультетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы "ҚазМұнайГаз-Сервис" ЖШС жетекші сарапшысы қызметінен бастаған. Кейін ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің атташесі, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің атташесі, сондай-ақ Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің үшінші, екінші және бірінші хатшысы қызметтерін атқарған.

2011-2012 жылдары "Шеврон Мұнайгаз Инк." компаниясының инвестициялық жобаларын үйлестіруші, 2012-2014 жылдары ҚР СІМ ресми өкілі, Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болған.

2014-2017 жылдары "Шеврон Мұнайгаз Инк." компаниясының үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі директоры қызметін атқарған.

Сондай-ақ Еуразиялық халықаралық қатынастар кеңесінің директоры, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің кеңесші-елшісі, 24.kz телеарнасындағы "Мир" бағдарламасының жүргізушісі болып жұмыс істеген.

ҚР СІМ ресми өкілі болып тағайындалғанға дейін Жанболат Үсенов "Верный Капитал" компаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: