Көлік прокуратурасы "Қазақстан темір жолы" салған тыйымды алып тастады

Сурет: "ҚТЖ" ҰК АҚ баспасөз қызметі
Көлік прокуратурасы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшылығының темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті бұзудың кез келген жағдайларын фото және бейнетіркеуге тыйым салу туралы телеграфтық нұсқауының күшін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл тапсырма Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабының 2-тармағына қайшы келеді, оған сәйкес әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар.

"Мұндай шектеу ең алдымен теміржол жолдарындағы апаттарды тергеу кезінде дәлелдер базасын жинауды қиындатты, сонымен қатар әртүрлі оқиғаларды жасыруға жағдай жасап, бұл жалпы осы саладағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін еді".Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі

Ведомство бүгінгі таңда прокуратураның наразылығы толық көлемде қанағаттандырылып, тиісті нұсқау заңсыз деп танылғанын мәлімдеді.

Көлік прокуратурасы жоспарлы талдау нәтижелері бойынша Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі "Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына наразылық келтірді. Осы Қағидаларға сәйкес 15 және одан асқан балалар "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның қызметтерін заңды өкілден нотариалды куәландырылған жазбаша келісім мен сенімхат болған жағдайда ғана дербес пайдалана алатыны анықталды. Бұл норма Азаматтық кодекске және "Нотариат туралы" Заңға сәйкес "келісімді" куәландыру мен "сенімхат" беру екі өз алдына бөлек нотариаттық іс-әрекет екені ескерілмеген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді