Абай облысында полицейлер бөтен ер адамның баланың ізіне түсу фактісін тексерді

Сурет: pixabay
4 тамызда әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Қарағайлы ауданында әйел адамның жиенімен болған оқиға туралы жазбасы анықталды. Өңірлік ПД аталған оқиғаны зерттеп, тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бала өзін басында телпегі бар ақ жейдедегі белгісіз адам көшеден бастап подъезге дейін өкшелеп аңдып келгенін айтқан. Сұқ көзді байқаған бала қадамдарын жылдамдата бастағанда артындағы ер адам да тездете жүрген. Бала үйінің подъезіне жүгіріп кіріп, есікті жауып алып, белгісіз адамнан құтылған. 

Ол орын алған жағдайды үйінде болған әпкесіне баяндап берген. 

Абай облысының полицейлері дереу ер адамның жеке басын анықтау бойынша іс-шаралар өткізді. Ол аталған ықшам ауданның 47 жастағы тұрғыны болып шығып, учаскелік полиция пунктіне жеткізіледі.

Жауап алу барысында ер адам заңсыз ештеңе жасамағандықтан, баланың қорыққанын білмегенін айтты.

Тексеру шараларын жүргізіп, бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап шыққаннан кейін, полицейлер ер адамның іс-әрекетінен аңду фактісін байқамады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды