Маңғыстау облысының прокуроры инвесторлармен кездесті

Сурет: gov.kz
23 тамызда Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықовтың өңір аумағында әр түрлі жобаларды іске асыратын инвесторлармен кездесуі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуге облыс әкімінің бірінші орынбасары және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Кездесудің мақсаты проблемалық мәселелерді талқылау және облыстың инвестициялық ахуалын жақсарту.

Руфат Құттықов өз сөзінде прокуратура органына маңызды инвестициялық жобаларды бақылау  және айналасындағы процестерді сүйемелдеу тапсырылғанын атап өтті.

Сондай-ақ, өңірде фронт-офис ашылғанын, оның міндеттеріне инвесторлардың бұзылған құқықтарын қорғау және уақтылы қалпына келтіру, консультациялық-құқықтық қолдау, мәселелерді шешуге жәрдемдесу, қызметті сүйемелдеу және проблемалық кейстерді тыңдау кіретінін хабарлады.

Инвесторлардың хабарламаларына жедел ден қою үшін прокуратураның бастамасымен "WhatsApp" мессенджерінде "Инвесторларды қорғау" чаты құрылды.

Кездесуде инвесторлар бірқатар ұсыныстарын білдірді, оның ішінде, жер учаскелерін жалға алудың қысқа мерзімін, жекелеген салаларды субсидиялаудың болмауы және салық салу саласындағы преференцияның жеткіліксіздігін атап өтті.

Жалпы өңірде ұлттық пулға енгізілген 972 млрд теңгеге 29 жоба іске асырылуда, оның ішінде, 8 жоба арнайы экономикалық аймақ қатысушылары болып табылады.

Кездесу қорытындысымен кейбір проблемалық мәселелерге бірқатар ұсыныстар енгізіліп, фронт-офис мүшелеріне және жоба әкімшілеріне тиісті тапсырмалар берілді.

 


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты