Астанада ізім-қайым жоғалып кеткен жас жігіт іздестіріліп жатыр

Сурет: polisia.kz
23 тамызда Қосшы қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғын жоғалып кеткен 19 жастағы ұлын іздеуге жәрдемдесуді сұрап, өтінішпен жүгінген. Ол бір күн бұрын дүкенге кетіп, үйге қайта оралмаған. Жас жігіттің телефоны да өшіріліп тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өтініш келіп түскен күннен бастап полиция бөлімінің жеке құрамы жоғалған азаматты іздеуге кіріскен.

"Азаматтың хабат-ошарсыз кеткені туралы ақпарат және бағдарлар полиция департаментінің барлық аумақтық бөлімшелеріне және көршілес өңірлерге жіберілген. Іздеу шаралары жүргізіліп жатыр", делінген полиция хабарламасында.

Үйден кеткен кезінде оның үстінде ақ жолақты, көк түсті спорттық костюм, сонымен қатар өзімен бірге Iphone телефоны болған. Бойы - 175-180 см, дене бітімі – арық, шашы - қара, қысқа, көзі - қоңыр, мұрны - түзу, ерні - жұқа.

Сержанның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты бар адамдарға "102" нөмірі бойынша дереу полицияға хабарласу сұралады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды