Алматы әуежайында ұшақ бортында темекі шеккен жасөспірімге айыппұл салынды

Сурет: polisia.kz
Алматы қаласы әуежайында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 17 жастағы атыраулық жасөспірімге ұшақ бортында темекі шеккені үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция мәліметінше, Air Astana әуекомпаниясының "Атырау – Алматы" бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әуе кемесі командирінің актісі бойынша құқық бұзушыны түсіріп алды.

"Ол - ұшу кезінде әуе кемесінің дәретханасында темекі тұтынған Атырау қаласының 17 жастағы тұрғыны. Аталған құқық бұзушы заңды өкілдерінің қатысуымен ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1, 2-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылып, оған 10 АЕК (34 500 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды", делінген хабарламада.

Сондай-ақ, кәмелетке толмаған жәсөспірімнің заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.   

Айта кетсек, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе рейсінен 395 азаматты түсірді, оның ішінде әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін – 130, алкогольді ішімдіктерді ішкені үшін 191 жолаушы түсірілген. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды