Хромтауда бесінші қабаттан секірмек болған әйел: Мені жайыма қалдырыңдар!

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Ақтөбе облысы Хромтау қаласында тұрғын үйлердің бірінің бесінші қабатынан секірмек болған әйел құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметі 6 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында 102 арнасына белгісіз әйелдің бесінші қабаттағы терезеден секіргелі жатқаны туралы хабар түскенін хабарлайды.

"Оқиға орнына шұғыл жеткен кезекшіліктегі учаскелік полиция инспекторлары ұзақ ойланбастан шатырға көтеріліп, әйелмен әңгімелесіп, оны сабырға шақырған. Ал әйел жылап, өзін жайына қалдыруды сұраған. Осы сәтте полиция капитаны Райымбек Оңғарбаев өз өмірін қатерге тігіп, шатырдан балконға секіріп, әйелді құтқарып қалды", делінген полиция хабарламасында.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды