Ақмола облысында екі ер адам лото-клубтың 19 жастағы күзетшісін сабап кеткен

Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында екі ер адам лото-клубтың күзетшісіне дене жарақатын келтірді. Жанжалдың шығу себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атбасар ауданының полиция бөліміне "Лото-Клуб" қауіпсіздік қызметінің қызметкерінен мекемеде жасалған бұзақылық фактісі туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті. Жәбірленушінің берген айғақтарына сәйкес, 5 қыркүйекте түнде екі танысы оған дене жарақатын салған. Салдарынан 19 жастағы жәбірленуші миы шайқалып, беті ісіген. 

"Осы факті бойынша полиция бөлімі ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі - "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатыстылығы тексерілетін тұлғалар анықталды", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін Астрахан ауданы Острогорск ауылдық округінің әкімі Құрман Табиғат ер адамды ұрып-соқты деген айыпқа іліккені хабарланған. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін