Ақмола облысында әйел адам ұлын ұрып-соққан әкімді жазалауды талап етті
Сурет: видеодан алынды
Астрахан ауданы Острогорск ауылдық округінің әкімі Құрман Табиғатқа ер адамды ұрып-соқты деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға Новый Колутон ауылында болған.
Жәбірленушінің анасы әлеуметтік желі арқылы әкімге видео үндеу жолдады.
"Табиғат Құрманұлы, қашанғы дейін бассыздық танытасың? Адамға қол көтеруге саған кім құқық берді? Жалпы, сен кімсің өзің? Әлде өзіңді басқалардан артықпын деп санайсың ба? Сабап тастаған ұлым сияқты сен де бір әйелдең туған боларсың? Құдайдың қаһарынан қорықпайсың ба? Сенің де балаларың өсіп келеді, немерелерің де болады. Құдайдың жазасынан қорықпайсың ба?" - дейді әйел видеода.
Сондай-ақ ол бұл бірінші орын алып отырған жағдай емес екенін айтады. Оның айтуынша, алдында да әкімге қатысты ешқандай жаза қолданылмаған. Сондықтан әйел бұл жолы да шенеунік жауапкершіліктен жалтара алатындығына сенімді.
"Отырып алып үнемі не деп кіжінуші едің? "Новый Колутонның қожайыны мен! Мұндағы билік менмін!" деуші ме едің? Ал сол билікке кім сайлады сені? Адамдар саған неге дауыс берді? Адамды қорғап, олардың құқығын талап ету үшін. Ал сен не істеп жатырсың?" - деді жәбірленушінің анасы.
Ол Құрман Табиғаттың байланыстары барына байланысты сот төрелігіне сенбейтіндігін, сондықтан сотқа жүгінбейтінін мәлімдеді.
Zakon.kz редакциясы Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне ресми сауал жолдады.
"Полиция департаменті 6 қыркүйекте әлеуметтік желіге мониторинг жүрізу кезінде Ақмола облысы тұрғынының Острогорск ауылдық округі әкіміне қатысты шағымы анықталғанын хабарлайды. Ол лауазымды адамның 31 жастағы ұлына дене жарақатын салғанын айтқан. Бұл шағым Астрахан ауданының полиция бөлімінің ақпараттарды есепке алу кітабына дереу тіркелді", - деді баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданатындығы да нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript