Таңғы бесте мешітке келіп, намаз оқыған елордалық жігіт тоналды

Сурет: polisia.kz
Елордалық азамат жергілікті мешіттің бірінде телефонын ұрлатып алды. Күдікті анықталып, өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға қала тұрғыны мешітте ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтып арызданған. Тергеу барысында ер адамның мешітке таңғы сағат 05:00-де намазға келгені, одан кейін демалуды ұйғарып, ұйықтап кеткені анықталды. Зардап шегуші TecnoCamon 19 Pro телефонын токқа қойып, оянғанда оны таппаған.


"Есіл аудандық полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысының 27 жастағы тумасын анықтады. Құны 100 мың теңге тұратын телефонды күдікті қызмет көрсету орталығына парольді ашу үшін беріп жібергені белгілі болған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", делінген полиция хабарламасында.

Ер адам кінәсін мойындады, оның бұған дейін де осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды