Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталып, УҰИ-ға қамалды

Сурет: ҚР ҰҚК
Халықаралық іздеуде болған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Елдос Қоспаев, Айдос Қоспаев, Айбек Қоспаев, Руслан Шалин, Оксана Кудряшова, Алексей Кузнецов, Ерлан Имашев ұсталып, сот шешімімен уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі ақпарат таратты.

ҚМА мәліметінше, қылмыстық топ күш пен қоқан-лоқы қолданып, кәсіпкерлердің мүлкін басып алу, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында көлеңкелі кәсіпкерлікті жүзеге асырды деген күдікке ілінген.

Рейдерлік тәркілеу және заңсыз әрекеттерге қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Бұған дейін ҚР ҰҚК арнайы операция жүргізіп, оның қорытындысы бойынша 6 қыркүйекте Солтүстік Кипрден Қазақстанға Елдос Қоспаев басқарған ұйымдасқан қылмыстың топтың жеті мүшесін, оның ішінде өзін де этаппен жеткізгені хабарланған. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін