Шымкентте жемқорлыққа жол берген алты лауазымды полицей қызметінен босатылды

Сурет: Zakon.kz
Шымкент қаласы ПД полкінің командирі және оның қарамағындағы бірқатар қызметкерлер лауазымдарынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері патрульдік полиция полкінің инспекторының 70 мың теңге көлемінде ақша алу дерегін құжаттаған болатын. Осыған байланысты полиция департаментінің жеке құрамы бойынша инспекция қызметтік тергеу жүргізді.

"8 қыркүйекте тергеу нәтижелері тәртіптік комиссияның қарауына ұсынылды. Комиссия өз кезегінде қорытындыға келіп, патрульдік полиция полкінің командирін, оның екі орынбасарын, рота командирін, оның орынбасарын және взвод командирін сыбайлас жемқорлық қылмысына жол бергені үшін атқаратын лауазымдарынан босату туралы шешім шығарды. Шымкент қаласы ПД бастығы Д.Таев оларды қызметтен босату туралы бұйрыққа қол қойды", делінген Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Күдікті полк инспекторы полиция беделін түсіргені үшін жұмыстан шығарылғаны, ұсталған полицейге қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабы "пара алу"бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны да нақтыланады.


"Ол қамауда. Полиция департаментінің басшылығы бұдан былай заң бұзушылыққа жол берген қызметкерлерге қатысты қатаң шаралар қабылдауға ниетті", делінген хабарламада.
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды