Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қантты қолайлы бағаға алмақ болған 40 жастағы жәбірленуші тауарға алдын ала төлем жасап, жеткізушіге банктің мобильді қосымшасы арқылы 360 500 теңге көлемінде ақша аударған. Алайда, сатып алушы белгіленген мерзімде тауарды да, өз ақшасын да ала алмағаннан кейін алданғанын түсініп, полиция бөліміне арыз қалдырған.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті әйел ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.