Қостанай облысында жүргізілген операция барысында есірткі сатушы алты адам ұсталды

Сурет: polisia.kz
Қостанай облысында полиция қызметкерлері облыстың бірнеше өңірінде есірткі сатушыларды ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 6 күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның бесеуі уақытша ұстау изольяторына қамалды. Операция бір мезгілде Рудный, Лисаков қалаларында және Қостанай ауданында өтті.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Серік Байгоновтың айтуынша, полиция қызметкерлері санкцияланған тінту жүргізу барысында заңсыз айналымнан өсімдік тектес есірткі заттары, ақша қаражаты, оның ішінде шетел валютасы, темекі шегетін түтіктер тәркіленді.

"Осы дерек бойынша полиция ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлімінде көзделген (Есірткі заттарын, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу және сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, он жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Тергеу барысында күдіктілердің облыстың қалалары мен аудандарының аумағында есірткі сатқаны, олардың жұмысы үйлестірілгені анықталды", делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты