Атырау облысында үш күн бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

Сурет: polisia.kz
Атырау облысында 10 қыркүйектен бері іздестіріліп жатқан Ербол Құсайыновтың денесі Орал өзенінен табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам суға батып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 қыркүйекте сағат 9:30 шамасында 1987 жылғы Ербол Құсайыновтың денесі балық аулауға кетті деген жерден 50 метр қашықтықтан анықталып, табылды.

Алдын-ала болжам бойынша, жоғалған ер адам суға батып кеткен.

"Мүрдеге сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде", делінген полиция хабарламасында.

Айта кетсек, Ербол Құсайынов 10 қыркүйекте достарымен бірге балық аулауға кетіп, сол күйі із-түссіз жоғалып кеткен.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін