Прокурор Kaspi Bank-ті басып алу ісі бойынша айыпталушыға 8 жыл жаза сұрады

Сурет: Zakon.kz
Астана сотында 2023 жылы 18 маусымда орын алған Kaspi банк бөлімшесіне шабуылдау ісі бойынша прокурор сөз алды. Сөз жарыс кезінде мемлекеттік айыптаушы соттан Әлихан Мурадовқа 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 қыркүйекте кешкісін Астанада Әлихан Мурадовқа қатысты іс бойынша сот отырысы өтті. Ер адам 2023 жылы 18 маусымда елордадағы Kaspi банк бөлімшесіне шабуылдап, адамдарды кепілге алды деп айыпталады. 

Сөз жарыс кезінде мемлекеттік айыптаушы соттан Әлихан Мурадовқа 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Айыптаушы тарап оның жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін жағдайлар ретінде кінәсін мойындауын, ісіне өкінуін, істі қарау барысындағы белсенділігін ескерді.

"Осыған дейін қаралған барлық мән-жайды ескере отырып, Ә. Мурадовты ҚР Қылмыстық кодекстің 261-бабы, 4 және 9-тармақтары сәйкес қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, ҚР Қылмыстық кодекстің 55-бабы, 2-тармағы, 2-бөлімін де ескере отырып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын", - деді прокурор.

Айта кетсек, 15 қыркүйекте сот отырысында Мурадов банк бөлімшесін қалай басып алғанын, қандай ойы болғанын бүкпесіз айтып берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды