Kaspi банкке шабуыл жасады деп айыпталған ер адам сотта тың мәліметтерді алға тартты
Әлихан Мурадовтың айғақтар беру кезінде қызықты фактілер белгілі болды. Ол 17 маусымда банкті басып алуды жоспарлаған екен. Бұл жайлы адвокаттың сөзінен белгілі болды, ол Мурадовтың 17 маусымда Сауран, 2 мекенжайдағы дүкенге бас сұққанын жеткізді.
"Телефонымды токқа қосу үшін дүкенге кірдім, қызметкерлердің бірі менің өтінішімді орындап, оны алып кетті. Сол кезде диванға отырдым, сөйтсем бөтен бір телефон жатыр екен, оны алдым да дүкеннен шығып кеттім... Оны апарып қарама-қарсы беттегі ломбардқа тапсырдым, атауы есімде жоқ. Ақшаны демде жаратып салдым. Содан банктің жақын маңдағы филиалын іздеп, 2ГИС-ке сұрау салдым. Қандай да бір себептермен сол жерге барайын дедім, мұның бәрі 17-сінде болды. Бастапқыда Каспий банктің бөлімшесіне барамын деп жоспарлаған едім, бір күн бұрын, жалпы 17-сі күні әрекет жасағым келген", - деп түсіндірді ол.
Кейінірек Мурадов неге өз ойын өзгерткенін айтты.
"Бұл күні бөлімшеде адамдар көп болды, сондықтан шешімімді өзгерттім, зардап шегетіндер көп болады ғой деп. Бастапқыда күзетшіні кепілге алғым келді, бірақ оның қарт адам екенін көріп, ойымды тағы өзгерттім", – деп түсіндіреді болған жайтты айыпталушы.
Сондай-ақ ол есірткіні қолданбағанын, сап-сау болғанын айтады.
"Менде жарылғыш зат болған жоқ, тоқ қуатын беретін сөмке болды менде, екі сымы бар, сөмке ішінде күртешем болды, қолымда вейп бар еді. Оны қашықтан басқару пультіне ұқсасын деп жапсырма қағазбен орап тастадым. Активтердің бір бөлігін барлық балалар қорына аударуды және аударымды растауды талап еттім, қорлардың атауын да атадым. Келіссөз жүргізуші маған ақша аударылғанын көрсетті, бірақ онысы жалған болып шықты. Менің бөтен мақсатым болған жоқ, өзім үшін ештеңе талап етпедім. Радикалға жатпаймын, ешқандай оппозициялық ұйымда емеспін, Робин Гудқа еліктемеймін", – деді ол.
Айғақ беру барысында Мурадов барлық жәбірленушіден кешірім сұрады. Ол айналасындағыларды үнемі тыныштандырып, тіпті су ұсынып, барлығы жақын арада аяқталады деп айтқанын жеткізді. Алайда жәбірленушілердің өздері оның бұл айғағымен келіспеді. Олар Мурадов өте агрессивті болып, айналасындағыларды қорқытып-үркітумен болғанын нақтылады.
29 тамызда Мурадов сыйлық заттар сататын дүкеннен от тұтатқыш тапанша сатып алғанын айтты. Осы затпен ол банк филиалына шабуыл жасап,ондағы қызметкерлерді кепілге алды.