"Түрмедегілер жаппай тамырларын кескен". ШҚО бойынша ҚАЖД түсініктеме берді

Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында № 18 түзеу мекемесіндегі сотталғандар жаппай тамырларын кескені туралы WhatsApp желісінде ақпарат тарады. ШҚО бойынша ҚАЖД аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда, құзырлы ведомство бұл арада екі сотталушының өзіне дене жарақатын салуы туралы сөз болып отырғанын нақтылады.

"2023 жылы 14 қыркүйекте ШҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты № 18 мекемеде екі сотталушы өздеріне дене жарақатын салғанын хабарлаймыз. Сотталғандар бұл әрекеттерін мекеменің ұстау тәртібімен келіспеуіне байланысты жасағанын, атап айтқанда, мекемеде еркін жүріп-тұруын, теледидар көруді және камера есігін құлыптамауды талап ететіндіктерімен түсіндірген, делінген департамент хабарламасында.

 

Сотталғандарға ауруханаға жатқызусыз алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Бұл дерек ШҚО бойынша ҚАЖД-ның анықтамаларды тіркеу кітабына тіркелді. ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті қызметтік тергеу тағайындады. 

Сонымен қатар, мекемеге прокуратура өкілдері келіп, сотталғандардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады