Қостанай облысында такси жүргізушісі алаяқтарға жем бола жаздаған зейнеткерге көмектесті

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Лисаков қаласынан Рудныйға ірі сомадағы ақшаны жеткізуі тиіс такси жүргізушісі өз-өзінен сезіктеніп, полицияға хабар берген. Осылайша ер адам алаяқтықтың алдын алуға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 14 қыркүйекте Лисаков қаласында болған. Такси жүргізушісі Серік Нағашыбаевқа Лисаков қаласындағы бір мекен-жайдан заттар салынған сөмкені алып, Рудныйға жеткізу қажет екенін айтқан әйелден өтініш түскен. Әйел жеткізу сомасын 8 мың теңге деп көрсеткен.

Пакетті такси жүргізушісіне 80 жастағы зейнеткер берген. Ол қызының қиын жағдайға тап болғанын және тез арада заттарын жеткізу керектігін айтады.

Серік Нағашыбаев аталған мән-жайдан күдіктеніп, полицияға хабарласқан.


Зейнеткер қылмыскерлердің өзі шақырған такси арқылы алаяқтарға 3 миллион теңге аудармақ болған.

Полиция қызметкерлері Диас Рахметов пен Ерқанат Рахимов зейнеткердің қызында бәрі жақсы екенін айтып, ақшаны кері қайтарып берді.

Қазіргі таңда полицейлер алаяқтық жасамақ болған адамдарды анықтау мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Зейнеткердің қызы Елена Кононюк полиция қызметкерлері мен такси жүргізушісіне алғыс білдірді.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды