Алматы – Өскемен тас жолында жүк көлігі аударылып, жүргізушісі қаза тапты

Сурет: polisia.kz
Жетісу облысында Алматы – Өскемен тас жолында жүк көлігі аударылып, жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, республикалық тас жолдың 400-шақырымында MAN F2000 жүк көлігін тізгіндеген 23 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны, алдын ала болжам бойынша, рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан жүк көлігі аударылып, оның жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.


"Қазір бұл факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР ҚК-нің 345-бабында (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", делінген хабарламада.
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды