Ақтөбеде жеке күзет ұйымдарына полицейлер 100-ден астам заңсыз тексеріс жүргізген

Сурет: pixabay
Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мониторингі барысында 2022-2023 жылдары жеке күзет ұйымдарына өңірлік ПД қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар түрінде 107 тексеріс жүргізгені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство полиция қызметкерлері апта сайын түнгі уақытта күзетшілердің формалық киімдерінің сәйкестігін тексеріп, құжаттарды, күзет объектілерімен шарттарды, күзетшілердің куәліктерін, лицензияларды талап етіп барғанын, күзетшілерді полицияға шақырғанын, жеткізгенін және т.б. әрекеттер жасағанын нақтылады.

"Бұл ретте, тексеру деректері мен нәтижелері тіркелмеген. Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, күзет қызметі саласындағы тексерулероргандарда тағайындаумен және тіркеу арқылы жалпы тәртіппен жүргізілуі тиіс" делінген хабарламада.

Осыған орай, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында, Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мүдделі тұлғалардың қатысуымен жұмыс кездесуін өткізіп, жағдайды шешу жөнінде ұсынымдар енгізді.

Нәтижесінде, бүгінгі күні заңсыз тексерулер практикасы тоқтатылып, 208 кәсіпкер өз қызметін кедергісіз атқарып жатқаны да нақтыланады.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды