ШҚО-да түрмедегілерге өз шағымын терминал арқылы қалай жолдау керектігі көрсетілді

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД-ның баспасөз қызметі
ШҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты мекемелердің бірінде ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің өңірлік департаменті өкілдері жазасын өтеушілерге электронды терминал көмегімен өз шағымдарын қалай жолдау керектігін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Арнайы пошта жәшіктерінен бөлек сотталғандардың шағымдарын электронды терминал арқылы жолдау мүмкіндігі енгізілді. Бұл мекеме әкімшілігінің сотталғандармен байланысын және өтініштерді жоюды немесе жасыруды болдырмайды. Қазірдің өзінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша әрбір мекемеге терминал қойылып, жазасын өтеушілердің құқықтары қорғалуда. Терминалда ЖСН-нан бөлек сотталғандарды биометриялық деректері бойынша танитын арнайы бағдарлама бар, мәселен саусақ іздері арқылы" - деді өңірлік прокуратура өкілі.


Алдағы уақытта басқа мекемелерге де барып, сотталғандармен түсіндірме жұмыстары жүргізілетіні де нақтыланады.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады