Төбелес кезінде тапаншамен адамдарды жарақаттап, жасырынып жүрген екеу ұсталды

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Адам өлтіруге оқталғаны үшін үш жыл іздеуде жүрген күдіктілерді Ұлытау облысының полицейлері ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысындағы әріптестерімен бірлесіп Жезқазған қаласының тумалары, 31 және 35 жастағы екі ер адамды ұстады.

"Ұсталғандар 2020 жылы маусым айында Қарағандыда екі адамды өлтіруге әрекеттеніп, қастандық жасады деп күдікке ілінген. Тұрғын үй кешендерінің бірінің автотұрағында күдіктілер жәбірленушілермен жанжалдасып, сол кезде олар бірнеше рет оқ атып, қашып кеткен. Оқ жарақатынан зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілген. Күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде".Ұлытау облысы ПД бастығы Қайыркен Әлиев


Сурет: Telegram/POLISIA.KZ


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі