Петропавлда терезеден баласын лақтырмақ болған ер адам қара жұмысқа жегілетін болды

Сурет: Zakon.kz
Петропавл қалалық сотында отбасылық жанжал кезінде жаңа туған сәбиін терезеден лақтырмақ болған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 20 қыркүйекте сағат 17.00 шамасында сотталушы Ш. өз үйінде мас күйінде болғаны, бесінші қабаттағы пәтер терезесінен жаңа туған нәрестені лақтыратынын айтып қорқытқаны анықталды. Оған ер адамның бірге тұрып жатқан әйелмен арадағы жанжал себеп болған. Оқиға орнына полиция, құтқарушылар жетіп, нәрестені терезеден лақытармын деп қорқытқан Ш-ның әрекетінің алдын алды

Прокурор сотталушыға 120 сағат қоғамдық жұмысқа жегу түрінде жаза сұрады. 

Сотталушы өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді.

"Петропавл қалалық соты Ш.-ға ҚР ҚК 115-бабының санкциясы бойынша ең жоғарғы жазаны белгіледі. Ер адам 120 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Сондай-ақ зардап шеккендер қорына 5 АЕК мөлшерінде өтемақы өндіріліп алынды", делінген сот қаулысында.
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді