Дәмхана қожайыны әрекетіне наразы елордалықтар жолдың бір бөлігін жауып тастады

Сурет: Instagram/police__astana
Жолдың бір бөлігін заңсыз жауып тастаған астаналықтарға айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда тұрғындары 23 қыркүйекте кешке жолдың бойына шығып алды, деп хабарлайды Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.

Осылайша, олар тұрғын үй мен мекеменің арасына шағын қоршау орнатқан "Кент" дәмханасының иесіне өз наразылықтарын білдірді.

Жол бойын бірнеше минут бойы бөгеген тұрғындар апатты жағдай туғызып, көлік қозғалысына кедергі келтірді.

Олар жол қозғалысына қатысушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірді, сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзды.

Олардың әрекеті заңсыз болды, сондықтан қоғамдық тәртіпті бұзушылар жауапқа тартылып, айыппұл салынды.

"Мұндай іс-әрекетке жол берілмейді, өйткені ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Мұндай заңсыз әрекеттер заңның барлық қатаң тәртібімен жазаланады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға және даулы мәселелерді тек құқықтық тұрғыда шешуге шақырамыз", делінген полция хабарламасында.
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді