Маңғыстауда қолында баласы бар әйелді көлік қағып кетті

Сурет: zakon.kz
Маңғыстау облысында 23 қыркүйекте сағат 13:30 шамасында полиция басқармасының "102" кезекші пультіне шақырту келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апатын оқиға орнындағы куәгерлер видеоға түсіріп алған. 

"Мұнайлы, Басқұдық ауылында баласымен жолдан өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кеткен. Бұрын бұл жерде жаяу жүргіншілер өтетін жолақ болған, кейін алынып тасталған", делінген видео сипаттамасында.

"ВАЗ 21703110" маркалы автокөлік жүргізушісі Мұнайлы ауданындағы тас жолдардың бірінде 26 жастағы әйел мен 4 жасар баланы қағып кетті. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді, одан кейін олар үйіне жіберілді", деп хабарлайды "Мой город" порталы өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 19 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.


Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Туды қай кезде қолдануға болады және қандай жағдайда тыйым салынады – министрлік түсіндірді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі

Алматыда жаңа аялдама пайдалануға берілді

Қазақстанда алғаш рет "Құрметті донор" төсбелгісі тағайындалды