Алаяқтың құрбаны болған азаматтарға ЖСН ауыстыруға рұқсат беріле ме

Мәжіліс алаңында "Алаяқтардан зардап шеккен қазақстандықтар ЖСН ауыстыра ала ма?" деген сұраққа ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Руслан Әбдіқалықов жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік өкілі қолданыстағы заңнамада ЖСН өзгерту қарастырылмағанын айтты.

"Құжаттарды, ЖСН-ді, телефон нөмірін, банк картасын өзгертуге тырысу нәтижесіз шара болады. Бұл мағынасыз әдіс, сізге айтайын. Жақсы, оны ауыстырғаннан кейін деректер қайтадан тарап кетпейтініне кепіл қайда? Мұндай әдістің не керегі бар? Бұл мәселеге келгенде сыни ойлап, түрлі жағдайдың алдын алып, дайын жүргеніміз дұрыс болар? ЖСН өзгерту мүмкіндігі болмайды. Мұндай тәсілдің шын мәнінде еш негізі жоқ".Руслан Әбдіқалықов

Ақпараттық қауіпсіздік туралы заң жобасын талқылау барысында мәжіліс депутаты Никита Шаталов таяуда Қазнетте қазақстандықтардың жеке дерегі рұқсатсыз тарағаны туралы ақпарат пайда болғанын еске салды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақстандықтардың жеке деректерінің интернетке қалай енгенін түсіндірді.

Қазақстан Алаяқтардан сақ болыңыз
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: