Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай импортын шектеуге қатысты бұйрыққа өзгеріс енгізді

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2023 жылғы 25 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының аумағына бидайды автомобиль және теміржол көлігімен әкелуге тыйым салу туралы" бұйрыққа түзетулер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, бұйрық "бидай импортына тыйым салу бидайдың Қазақстан аумағы арқылы транзитіне қолданылмайды" деген жолмен толықтырылды.

Енді құжатта былай делінген:

"Қазақстан Республикасының аумағына бидай импортын лицензиясы бар элеваторлар, астық өңдеуші кәсіпорындар, құс шаруашылығы кәсіпорындарын қоспағанда үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобильмен,  темір жол және Қазақстан аумағы арқылы бидай транзитін қоспағанда Қазақстан аумағына бидай әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынады".

Құжат 6 қазанға дейін "Ашық НҚА" сайтына жарияланған.

Бұған дейін Қазақстанда 2023 жылдың 10 сәуірі мен 9 қазаны аралығында үшінші елдер мен ЕАЭО елдерінен автомобиль көлігімен бидай импортына тыйым салынған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді