БҚО-да Беларусь азаматы полиция қызметкерлеріне пару беру кезінде ұсталды

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Батыс Қазақстан облысында Беларусь Республикасының азаматы полиция қызметкерлеріне пару беру кезінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ол ҚР жолда жүру ережесін бұзып, полиция қызметкеріне әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін 2 мың рубль көлемінде пара ұсынған. Оқиға орнына Теректі аудандық ПБ жедел-тергеу тобы шақыртылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігіне (пара беру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде".БҚО ПД патрульдік полиция батальоны кадр саясаты тобының аға инспекторы полиция капитаны Қайсар Таутешов

Көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.

Жүргізушіге қатысты "Келуге міндетті" түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды.

"2023 жылдың басында Ішкі істер министрлігімен ішкі істер органдары қызметкерлерінің адалдығын тексеру барысында "Integrrity check" пилоттық жобасы іске қосылған болатын. Қазіргі уақытта әр патрульдік полиция қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, сондай-ақ, олардың қызметтік автокөліктері және орындары ақпаратты автоматты түрде жіберетін немесе жедел басқару орталықтарына жедел әрекет ету үшін жүктейтін, азаматтармен тікелей байланыс жасау заманауи фиксаторларымен жабдықталды", делінген полиция хабарламасында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды