Келіннің шашын жұлған ене: Шымкент полициясы аталған видеоға қатысты түсінік берді

Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде "келінін күштеп тәртіптеген ененің" видеосы кеңінен тарады. Видео Telegram арналарда пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео сипаттамасында автор аталған оқиға Шымкентте орын алуы мүмкін деп болжайды. Алайда көп ұзамай қалалық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

"Аталған факті бойынша Шымкент қаласы ПД қызметкерлері тексеру жүргізгенін хабарлаймыз. Нәтижесінде видеода көрсетілген жағдай Шымкент қаласының аумағында орын алмағаны анықталды. Осыған байланысты тексерілмеген және жаңсақ ақпаратты таратпауларыңызды сұраймыз". Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі


Ал видео Қырғызстанда түсірілген болып шықты. Кейбір мәліметтер бойынша, келін мен ене арасындағы шиеленіс мүлік бөлісі кезінде туындаған. 

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады